Мультимедиа анықтамалығы. ІІ бөлім. Жеке пікір

«Конвергентті журналистика және мультимедиа. Конвергентті журналист болу үшін мультимедианы білуім керек пе?»

 

Бұл бөлімде жалпы конвергентті журналистиканы медиақұрылымдардың өзара ықпалдасуы мен мультимедиалық өнімдердің интернетте бір сайтта ықпалдасуы деп екіге бөліп қарастырған.

Журналистиканың бұл түрін Америкада өте жақсы қолдануда. Мысалы, бір жаңалықты немесе оқиғаны таратқан кезде, «толығырақ  «мына» сілтеме арқылы біле аласыз немесе бұл бейненің жалғасын «мына»сайттан көре аласыздар» деген сияқты сөздермен ақпараттың әр түрлі нұсқасын бір сайтқа, нақтылап айтқанда барлығы сол бір интернетке келіп тоғысады.

Ақпаратты таратуда медианың әр түрін пайдалану біздің өніміміздің қызықты әрі өтімді болуына көмектеседі. Мысалы, қазіргі кезде видео, фотоақпараттар халық арасында тез таралады. Жалпы мультимедиалық өнімдер, интерактивтілік журналистиканың ең ерекше түрі.

Тағы бір мысал, бір жаңалық немесе оқиға екі түрлі медиада жарияланса, мәтін күйінде және видео түрінде және  бұлар бір сайтта берілсе мұны мультимедиаға жатқыза алмаймыз. Бұл жерде мәтін мысалы газетке, видео теледидарға, яғни өз алаңына жеке қызмет етті. Бір-біріне ықпал етіп толықтырмайды.

Мультимедиалық баяндау жайында  түйгенім, әр түрлі мультимедианың, медиа құралдарының бірігіп, бір оқиғаны жеткізу. Аудио видео арқылы адам эмоция арқылы ақпаратты өтімді, қызықты әрі түсінікті етіп баяндай алады.

Мультимедиа журналисі болу үшін әрқашан, қай кезде болмасын оқиғаны қалай және жылдам жеткізудің жолын іздеп, онымен қоса жанына медиа құралдарын (диктофон, камера, фотоаппарат, микрофон, т.б.) алып жүруі керек. Және бұлармен дер кезінде қалай жұмыс жасау керек, қалай тарату қажет, монтаж, өңдеу деген сияқты жан-жақты жұмыстарға да дайын болған жөн.

 

Пікір қалдыру